Австралия ормандары өртке оранды

0
567

Оқи отырыңыз: Калифорниядағы өрт 83 адамның ғұмырын қиды

22 қараша күні Австралияның Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының өрт қызметі орман өртіне байланысты жедел ескерту жариялады. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Теңдессіз жалын Сиднейден солтүстікке қарай 200 шақырым жердегі Стивенс портының маңында, Солт Эш ауданында шыққан. Кейбір тұрғындар ұзап үлгермегендіктен жергілікті өрт сөндіру қызметі қорғанатын пана табуды сұраған. Себебі өрттің жылдамдығы жоғары болғандығы анықталды.

Өрт сөндіру қызметі тұрғындардың мүліктерін «ұшақ-цистерна» көмегімен құтқаруға тырысып жатыр. Бұл туралы жергілікті Өрт сөндіру қызметінің хабарламасында айтылған: «Хантер (Hunter) өңіріндегі өрт сөндірушілерге бүгін түсте Gaia 737 ұшақ цистернасы жіберілді. Бұл ұшақ әлемде алғаш рет өрт сөндіру үшін қолданылып отыр. Оның көмегі орасан».

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз