Қазақстандық айтыскер халықаралық жарыстан бас жүлде алды

0
335
photo: gov.kz

Қызылордалық айтыс ақыны Мұхтар Ниязов Қырғызстанда өткен халықаралық айтыстан бас жүлде алып қайтты, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұхтардың жеңісі жөнінде облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

“Қазақ пен қырғызға ортақ ақын болды деген осы. Қуан, қазақ! Қырғыздың Қарқара жайлауында өткен халықаралық айтыстағы Мұхтардың бас жүлдесі құтты болсын”, – деген қуанышты хабарын жеткізді басқарма басшысы.

Мұхтар Ниязов Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 1985 жылдың 4 қарашасында дүниеге келген. Алғашқыда жазба ақын ретінде қалам тартқан ол айтыс өнерін аудандық оқушылар айтысына қатысудан бастаған. Мұхтар облыстық ақындар айтысы мен жазба ақындар мүшәйрасының жүлдегері. Ол елімізде «Алтын домбыра» байқауының үш дүркін иегері.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз