Байден мен Путин саммит өткізуге келісті

0
233
АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей басшысы Владимир Путин.

АҚШ президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путинмен Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты саммит өткізуге келісті. Бұл жөнінде жексенбіде Франция президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Эммануэль Макронның Владимир Путин және Джо Байденмен телефон әңгімесінен кейін Франция президенті кеңсесі жариялаған ресми мәлімдемеде АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуге дайын екені айтылған. Алайда кездесу “Ресей Украинаға басып кірмесе ғана өтеді” деп көрсетілген.

Ақ үй баспасөз хатшысы Джен Псаки алдын ала келісім жасалып жатқанын растап, “Біз дипломатияға да, Ресей соғысты таңдаса оған да дайынбыз. Ресей Украинаға шабуыл жасауға әлі де дайындалып жатыр” деді. Мәскеу әзірге түсініктеме берген жоқ.

“Кездесу болатыны нақтыланса, күн тәртібін АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров алдағы бейсенбіде өтетін кездесуде белгілейді” дейді Франция президентінің кеңсесі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз