Байден Путинге “бұрын-соңды көрмеген” санкция салатынын ескертті

0
669
АҚШ президенті Джо Байден. Photo: Forbes

АҚШ президенті Джо Байден Украина шекарасындағы жағдай ушыққан тұста Ресей президенті Владимир Путинді “бұрын соңды көрмеген” санкция күтіп тұрғанын айтты. 

Байденнің айтуынша, Ресей билігі алдағы әрекеттері туралы әлі түпкілікті шешім қабылдаған жоқ, ал Путиннің таңдауы бар – дипломатия немесе қарама-қайшылық.

“Менің ойымша, ол әрекет ете бастайды, оған бір нәрсе жасау керек”,-деді Байден президент лауазымындағы бірінші жылдың қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Ресейдің Украинаға басып кіру қаупі туралы сұраққа жауап бере отырып. Ол Путиннің Батыспен толыққанды соғысқысы келмейтінін айтады.

“Ресей Украинаға баса-көктеп кіретін болса апатты жағдайда қалады. Осы ісі үшін үлкен көлемде құн төлейді. Банктері доллармен жұмыс істей алмайды”, – деді ол санкциялар туралы сөз қозғап.

Кейінірек Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки “АҚШ Украина шекарасын кесіп өткен кез келген жағдайды Ресей әскерилері” деп санайтынын айтты.

Ал Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен болуы мүмкін әскери конфликт туралы халқына үндеу жасады. Ол мұндай жағдайдың бірінші рет еместігін айтып азаматтарды уайымға салынбауға, сабырға шақырды.

“Бұл ешқандай жаңалық емес! Бұл сегіз жыл бойы жалғасқан шындық, басып кіру 2014 жылы басталған жоқ па? Соғыс қаупі қазір ғана пайда болды ма? Бұл қауіптер бір күнде бола салған жоқ, көбеймеді де. Жағдай туралы дау-дамай ғана арта түсті”, – деді Зеленский.

Зеленский елдегі жағдай бақылауда екенін айтты. Ол Украина соғысты қаламайтынын, егер бастала қалса дайын болу қажет екенін жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз