Байден: Ресей жаулап алуын қоймаса, санкция ауқымын ұлғайтамыз

0
205
АҚШ президенті Джо Байден. Photo: Video screen

Сейсенбіде АҚШ президенті Джо Байден Ресей президенті Владимир Путиннің Донбастағы сепаратистік республикалардың тәуелсіздігін танып, аталған аумаққа Ресей әскерін кіргізу туралы бұйрығын Ресейдің көрші елге басып кіруінің алғашқы қадамы деп атады.

Джо Байден мәлімдемесінде Путин қарамағындағы Ресей Украинаның неғұрлым көп территориясын жаулап алуға тырысып жатыр деп мәлімдеді. Америка басшысы Мәскеу алған бетінен таймаса, 2014 жылғыдан да ауқымы кең санкция салатынын айтты.

Ақ үй жетекшісінің айтуынша, АҚШ Ресей элитасының бірқатар өкілдері, олардың отбасы мүшелері мен екі банк – ВЭБ және әскери банкке санкция салады. Мәселе Ресей қорғаныс-өнеркәсіптік кешеннің аймақтық бөлімшесі саналатын Промсвязьбанкте болып отыр. Шектеулер сонымен бірге Ресей үкіметінің қарызына да әсер етеді.

“Егер Ресей жаулап алуын қоймаса, санкция ауқымын ұлғайтамыз. Путин көрші елдің территориясында “мемлекет” жариялауға құқығым бар деп есептей ме?” деді Байден. Ол АҚШ Украина мен НАТО-ға әрі қарай да көмектесе беретінін айтты. Ол Балтық елдеріне қосымша әскер мен техника жіберетінін де жеткізді.

Байден агрессияны тиюға әлі кеш емес екенін, бұрынғыша дағдарысты дипломатия жолдарымен шешуге дайын екенін айтты. АҚШ Ресеймен соғысқысы келмейді, бірақ Вашингтон НАТО территориясын қорғауға мәжбүр деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз