“Байрактар” Украинаға бір дронды тегін береді

0
532
Photo: Twitter/Baykar

“Байрактар” әскери дронын өндіретін Baykar түрік компаниясы Украинаға бір дронды тегін беретін болды. 

Литвалықтар Украина әскеріне әскери дрон сатып алу үшін 5 млн еуро жинаған соң, компания біреуін тегін беруді шешкен.

“Литва халқы Bayraktar TB2 сатып алып, Украинаға беру үшін қайырымдылық жасады. Осыны біліп, Baykar бір дронды тегін беретін болып шешім қабылдады. Ал жиналған қаржыны Украинаға гуманитарлық көмекке беруді сұраймыз” делінген компания мәлімдемесінде.

“Байрактар” дроны әуеде 12-ден 24 сағатқа дейін жүре алады. Бұл әуе кеңістігін үнемі бақылауда ұстап тұруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге дрон зымыранды қағып түсіре алады. Украина бұл дрондарды былтырдан бері сатып ала бастаған. Қазір Ресеймен соғыста қолданылып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз