Бейжіңде әлемдегі ең ірі әуежай ашылды

0
249
Бейжіңдегі Дасин әуежайы. Photo: Businesstraveller.com

Бейжіңде жаңа халықаралық Дасин әуежайы ашылды. Бұл туралы Straits Times сайты хабарлайды.

Әуежайдың құрылысына 11 млрд АҚШ доллары көлемінде қаражат жұмсалған.

ҚХР-дың құрылғанына 70 жыл толуы қарсаңында ашылатын әуежайды ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин 25 қыркүйекте барып көрді.

Әлемдегі ең ірі әуежайдың аумағы 700 мың шаршы шақырым. Жобасын ирак-британдық сәулетші Заха Хадид жасаған.

Халықаралық әуежайлар кеңесінің хабарлауынша, Дасин Атланта әуежайынан кейін әлемдегі жолаушыларды көп қабылдай алатын екінші әуежай болмақ. Жылына 130 млн жолаушыны қабылдап, 620 мың рейс ұшырады.

Әуежай жолаушыларына билет яки талон ұсынудың қажеті жоқ. Мұнда бет-әлпеті арқылы танитын жаңа жүйе орнатылған. Дасиннің төрт ұшу-қону жолағы мен 150 ұшаққа арналған тұрағы бар. 116 рейс бойынша қызмет көрсетеді – 101 – ішкі, 15 – халықаралық.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз