Брюсселдегі марокколықтар футбол матчынан кейін тәртіпсіздік ұйымдастырды

0
149

Брюссельде марокколықтар Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Марокко құрамасы Бельгияны жеңгеннен кейін жаппай тәртіпсіздік жасады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Украина Сейчас телеграм арнасына сілтеме жасап.

Тәртіпсіздіктердің нәтижесі: бірнеше көлік қиратылған, бағдаршамдар бұзылған, бельгиялық журналист – пиротехника әсерінен жарақат алған, тәртіпсіздік жасағандарға қарсы жергілікті полиция су атып, көзден жас ағызатын газ қолданған. Қазір Брюссельдегі жағдай тұрақтанды.

Айта кетейік, 27 қарашада Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Марокко құрамасы сенсация жасап Бельгияны 2-0 есебімен ұтты. Ойында голдарды 73 минутта Роман Сесс және 92 минутта Закария Абухляль соққан. Екі турдан кейін топта Хорватия мен Марокко  4 ұпай жинап бірінші және екінші орында тұр. Ал Бельгия құрамасы үш ұпаймен үшінші орынға жайғасқан. Топта соңғы орында 0 ұпаймен канадалықтар тұр. 1 желтоқсан күні топтық кезеңнің соңғы турында Марокко Канадамен, ал Бельгия Хорватиямен ойнайды.

DOHA, QATAR – NOVEMBER 27: Abdelhamid Sabiri of Morocco scores his team’s first goal during the FIFA World Cup Qatar 2022 Group F match between Belgium and Morocco at Al Thumama Stadium on November 27, 2022 in Doha, Qatar. (Photo by Manuel Reino Berengui/DeFodi Images via Getty Images)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз