АҚШ-та Toyota Camry-дің жаңа, тоғызыншы буыны таныстырылды. Дегенмен, көліктің сырт бейнесіне қарап, «70-тік» Camry-ден өзгерісі көп емес екенін байқауға болады. Бұл туралы Kazaknews.kz тілшісі Kolesa.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Автокөлік Crown және Prius желісіндегі модельдер стилінде жаңа алдыңғы және басқа да артқы дизайнға ие болған. Орталық бөлік xv70 сияқты өзгеріссіз.
АҚШ-та Toyota Camry 2024 жылдың көктемінде сатылымға шығады. Оған дейін компания бұл автокөлік туралы әлі де толығырақ мәліметтер беретінін мәлімдеген. Жақында бұл көліктің тағы бір нұсқасы Гуанчжоудағы автосалонда көрсетілуі мүмкін. Қытайлық Camry, Қазақстанда пайда болатын нұсқаға ұқсас болады.
Жаңа Camry желісінде қазір V6 цилиндрлік қозғалтқышы болмайды. Қозғалтқыш бөлігі төрт цилиндрі бар 2.5 литрліктен тұрады. Оған алдыңғы доңғалақты жетекте шағын литий-ионды батареясы бар екі электр қозғалтқышы көмектеседі. Бұл седанның қуат күші әлі жарияланған жоқ, бірақ шамамен 228 күш болады.