CIT: Ресей Украинамен шекараға өте көп әскери техника жеткізіп жатыр

0
367
Photo: Conflict Intelligence Team

Conflict Intelligence Team (CIT) тобының талдаушылары әлеуметтік желілерден Ресейдің жауынгерлері мен әскери техникаларын Украинамен шектесетін аумаққа жеткізіп жатқанын растайтын суреттер мен видеолар тапқанын мәлімдеді. Бұл жөнінде CIT-ге сілтеме жасап Азаттық хабарлады.

Олардың сөзінше, Воронеж облысына жаңа техника жеткізіліп, Ставрополдан Қырымға қарай эшелондар жөнелтіп жатыр.

“Украина шекарасына әскерилерден бөлек көптеген техника жеткізіліп жатқанын айту керек. Мұншалықты көп техниканың жеткізілуін әскери бөлімдерді қайта қаруландыру ісімен түсіндіру мүмкін емес”, – деп жазылған CIT тобының мәлімдемесінде.

Сарапшылардың пікірінше, әскерді шекараға жақын жайғастыру ісі салыстырмалы түрде баяу жүріп жатыр. Егер қаңтар айына дейін осындай екпінмен қимылдайтын болса, онда Қырымдағы әскери топтардың саны сәуір көрсеткішінен әлдеқайда көп болады.

14 қарашада Украина президенті Владимир Зеленский ел шекарасына жақын жерде 100 мың орыс әскері тұрғанын, батыс елдері Ресейдің қарулы күштері әскерін Украинаға жақын аймақтарға жайғастырып жатқаны туралы мәлімет бергенін мәлімдеген. Бұл Киев пен Батыс елдерінің алаңдаушылығын туғызып отыр.

21 қарашада Украина қорғаныс министрлігінің бас барлау басқармасының жетекшісі Кирилл Буданов Military Times басылымына Ресей Украинаға қарсы белсенді соғыс әрекеттерін 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында бастауы мүмкін екенін айтқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз