Дания коронавирусқа байланысты қойылған барлық шектеуді алып тастаған Еуроодақтағы алғашқы ел атанды. Бұл туралы politico.eu сайты хабарлады.
Данияның денсаулық сақтау органдары шектеуді алып тастау туралы шешімді тамыз айының соңында мақұлдаған. Олар, Дания халқының көпшілігі вакцина алғанына және өлім мен сырқаттану статистикасының төмендеуіне байланысты коронавирустен қауіп төнбейді деген шешімге келген.
Енді ел бойынша мейрамхана, спортзал және демалыс орындарына кіру үшін рұқсат алу қажет емес. Коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған балалар да енді үй карантиніне алынбайды. Карантин ережесі тек коронавируспен ауырып жатқан науқастарға ғана қатысты.