“Басын салбыратып жүретіндер үшін”. Нұр-Сұлтанда жаңа бағдаршам іске қосылды

0
279
photo: China Daily,

Жұма күні Нұр-Сұлтанда алғаш рет жарығы бар жаяу жүргіншілер бағдаршамы іске қосылды. Енді бағдаршамның қызыл жарығы тротуарға да түсіп жаяу жүргіншілер смартфонының дисплейіне шағылысатын болады. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, жаңа бағдаршам жердегі жарықтандыру функциясын орындап қана қоймай, екі көзі телефонда, “басын салбыратып жүретін” өскелең ұрпақтың назарын аударады. Осылайша жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне айтарлықтай үлес қосады.

Жаңа бағдаршамның мынадай артықшылықтары бар:

  1. ымырт үйірілгенде және түнгі уақытта тротуарға қызыл жарық түсуіне байланысты бағдаршамның қызыл белгісі жақсырақ көрінеді;
  2. смартфонның дисплейіне бағдаршамның қызыл сигналы түсуі арқылы жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі артады;
  3. тротуардың шетінде қызыл түспен белгіленген орындардың арқасында жаяу жүргіншілерді көлік жүргізушілері жылдам байқайды.

“Бұдан бөлек дыбыстық жол көрсету жүйесі бар бағдаршамдар орнатылды. Бұл жаяу жүргіншілер, әсіресе көзі нашар көретін жұрт үшін тиімді. Осылайша, жаяу жүргіншілер өткелінің қауіпсіздік жағдайы едәуір артады”,- делінген әкімдік хабарламасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз