ЕО Қырым көпірі үшін Ресейге санкция салды

0
122
дереккөзден

Еуроодақ Қырым көпірі құрылысына қатысқан ресейлік 6 компанияға санкция салды. Бұл туралы Еуроодақтың ресми журналы хабарлайды.

“Еуроодақ Қырымды және Севастопольді аннексиялау саясатын мақұлдамау аясында ЕО Кеңесі Керчен (Қырым) көпірінің құрылысын Украинаның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен қол сұғылмаушылығына қарсы әрекет деп қабылдайды”, – деп хабарланады ресми мәлімдемеде.

Lenta.ru таратқан ақпарға сәйкес, санкцияға «Мостотрест», «Стройгазмонтаж», «Институт Гипростроймост — Санкт-Петербург» (көпір құрылысы жоспарын жасақтаушы), «Судостроительный завод “Залив”», «Стройгазмонтаж-Мост» және ВАД  («Таврида» құрылыс трассасының мердігері) компаниялары түсті.

Алғашқы екі компания еуропалық санкциялық тізімде бар. «Стройгазмонтаж-Мост» компаниясы және аталған екі компания Аркадий Ротенберг есімді кәсіпкердің кәсіптік құрылымына тиесілі. Осы жолғы құжатта кәсіпкер “Украинаның қол сұғылмаушылығын бұзушы тұлға” деп көрсетілген.

Шілде айының ортасында Украина президенті Петр Порошенко Қырым көпірі құрылысына қатысы бар алты адамға қатысты санкция жариялаған еді.

Керчен бұғазы арқылы өтетін көпір құрылысы 2016 жылы тұрғызыла бастады. 2018 жылы көпірдегі автокөлік жолы ресми түрде ашылды. Аталған көпір Ресейдегі ең ұзын көпір болып саналады, ұзындығы – 19 шақырым.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз