Еурокомиссия басшысы Киевтің ЕО-ға қосылу туралы өтінішін тезірек қарауға уәде берді

0
258
Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен және Украина президенті Владимиром Зеленский. Киев, 8 сәуір 2022 жыл. Photo: President.gov.ua

8 сәуірде Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Киевке барды. Ол сапарын ондаған бейбіт тұрғын қырылған Буча қаласынан бастады. Урсула фон дер Ляйен қанды қырғын орнына барған Еуроодақтың алғашқы жоғары лауазымды тұлға.

Ол Еуроодақ Украинаны әрі қарай да қолдай береді және Ресей президенті Владимир Путинді әскери басқыншылығы үшін “жоғары құн” төлеуге мәжбүрлейді деді.

Өткен аптаның соңында Ресей әскері кеткеннен кейін Буча қаласынан ондаған адамның мәйіті табылып, халықаралық қауымдастық әскери қылмысты қатаң айыптаған.

Қаланы аралап, бауырластар зиратына барған фон дер Ляйен құрбандарды еске алып, шіркеуде майшам жақты.

Фон дер Ляйен сапарын Бучадан бастау өте маңызды екенін, себебі мұнда адамдыққа нұқсан келгенін атап өтті. Ол кінәлілер қылмысы үшін жауапқа тартылады деді. “Бұл біздің ортақ күресіміз” деді Еурокомиссия жетекшісі.

Бұдан соң ол Украина президенті Владимир Зеленскиймен брифинг өткізіп, Киевтің Еуроодаққа қосылу туралы өтінішін тезірек қарауға уәде берді. Ол Зеленскийге одаққа ену процесін бастау бойынша сұрақтар жинағын тапсырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз