Еуропарламент Түркияны Африн аймағынан әскерін шығаруға шақырды

0
89
дереккөзден

Еуропалық парламент депутаттары Сирия аумағындағы шабуыл әрекеттерін тоқтату қарарын қабылдап, Түркия үкіметін Африндегі әскерлерін Сирия аумағынан шығаруға шақырды.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, бейсенбі Страсбургте өткен пленарлық отырыста қабылданған қарар мәтінінде Еуропаралмент шешімді түрде қақтығыс барысында Сириядағы қатігездікті, халықаралық құқық пен адам құқықтарының өрескел бұызылуын айыптайтындары мәлімделеді. Депутаттар Африндегі ахуалдың шиеленісуі түрік күштері мен Башар Асад әскерінің қақтығысына, сондай-ақ Ресей әскерлерінің кикілжіңіне, АҚШ-қа қатысты шиеленістердің өршуіне алып келетініне сенімді.

 “Бір құлақтан кіріп, бір құлақтан шығады” 

Бұған жауап ретінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Еуропалық парламент депуттарының «алданбауын» өтінді. Ердоғанның айтуынша, «Еуропарламенттің Түркияға айтары жоқ». Себебі, бұл мәселеге қатысты Түркияға айтылған сөздер «бір құлақтан кіріп, бір құлақтан шығады».

Африн операциясы салдарынан босқындар саны артқан

Атап өтерлігі, 20 қаңтарда Түркия Сирияның солтүстігіндегі күрд жасақтарына қарсы «Зәйтүн сабағы» операциясын бастайтынын мәлімдеді. Сирияның солтүстігінде қоныс тепкен күрд тұрғындары түрік тарабының шабуылдарына наразылық білдірді. Ал Дамаск Анкараны күрдтер қарсы күрескен лаңкестерді қолдауда деп айыптады. Өз кезегінде Дамаск Сирияның Африна аймағындағы Түркия әскерінің кез келген әскери операциясын басқындық актісі ретінде қабылдайтынын мәлімдеп, Анкараға қатаң ескерту жасаған еді. Афринді түрік әскерлері тарапынан қоршау операциялары басталғаннан кейін аймақта тұратын бейбіт тұрғындардың басым көпшілігі босып кеткен. Соңғы деректерге сәйкес, Африн опреациясы салдарынан Сирияның солтүстігіндегі босқындар саны 170 мыңға жетті.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз