Финляндия мен Швеция НАТО-ға қосылуға ресми өтініш берді

0
223
НАТО-ға кіруге ресми өтініш әкеле жатқан екі елдің өкілдері. Photo: Twitter

18 мамыр күні Швеция мен Финляндия Солтүстікатлантикалық одаққа қосылуға ресми түрде өтініш берді.

Оқи отырыңыз: Ердоған Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуына не үшін қарсы?

Швеция мен Финляндия Ресейдің Украинаға басқыншылығы жалғасып жатқан тұста бейтарап мәртебесінен бас тартып, НАТО-ға қосылу туралы шешім қабылдаған.

Екі елдің өтініштерін НАТО кеңесі қарайды. Одан кейін олардың өтініштерін одаққа мүше барлық 30 ел қабылдауы тиіс.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Ердоған Швеция мен Финляндияны НАТО-ға қосуға қарсы болған. Ол Хельсинки мен Стокгольмді Анкара “террористік ұйым” деп таныған ұйымдарды қолдады, олардың мүшелеріне саяси баспана берді деп айыптаған.

Сәрсенбі күні Bloomberg екі үміткер бірқатар шартты орындаса, Түркия өтініштерін қолдауға әзір деп жазды. Анкара Швеция мен Финляндияның “Күрдістанның жұмысшылар партиясын” террористік ұйым деп танығанын қалайды. Бұған қоса, Түркияны F-35 ұшақтарын пайдалану бағдарламасына қайта қосып, 2019 жылы Түркияның Сирияға басып кіруіне байланысты қойылған қару-жарақ экспортына шектеуді алып тастағанын талап етеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз