Forbes әлемдегі ең бай адамдардың рейтингін жариялады

0
267

Әлемдегі ең беделді экономикалық Forbes журналы 2022 жылындағы әлемдегі ең бай адамдардың тізімін жариялады.

“Соғыс, пандемия және нарықтағы құлдыраулар биылғы жылы әлемдегі миллиардерлерге кері әсер етті. Forbes журналының 36-шы жыл сайынғы әлемнің ең бай адамдары рейтингіне 2668 миллиардер кірді. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 87 адамға аз. Олардың жалпы байлығы 12,7 триллион долларды құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 400 миллиард долларға аз”-делінген Forbes журналының ресми сайтында.

Журналдың рейтингін 219 миллиард доллармен SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маск бастап тұр. Ең бай адамдардың алғашқы бестігіндегі 4 адам АҚШ елінің азаматы, біреуі Франция азаматы.

Жалпы байлығының саны 4,7 триллион долларды құрайтын 735 миллиардермен АҚШ әлі де байлар арасындағы рейтинг бойынша бірінші орында. Одан кейін, Қытай халық республикасы 2,3 триллион долларды құрайтын 607 миллиардермен екінші орында тұр. 

Журналдың рейтингіне 5 қазақстандық кірген. Олар – Владимир Ким (5 млрд доллар; 552-орын), Тимур және Динара Құлыбаевтар (3,8 млрд доллар; 778-орын), Болат Өтемұратов (2,8 млрд доллар; 1096-орын), Вячеслав Ким (2 млрд доллар; 1513-орын).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз