Германия Рождество қауіпсіздігіне 2,5 млн еуро жұмсады

0
93
Германия. Берлин қаласы.

Германияда Рождество мейрамына арналған жәрмеңкелер ашылды. Бүкіл ел аумағында екі жарым мың мерекелік базар жұмыс істейді.

Берлинде де мерекелік көңіл-күй сезіледі. Қонақтарға ыстық шоколад, тәттілер, шұжық пен тоқаш ұсынылып жатыр. Осы орайды жергілікті билік қауіпсіздік шараларын барынша күшейткен.

Еске сала кетейік, осыдан екі жыл бұрын Брайтшайдплацтағы базарда лаңкестік әрекет болған еді. Жүк көлігіне мінген белгісіз біреу адамдарды басып өткен болатын. Биылғы жәрмеңке нағыз қамалға айналды. Алаң екі жағынан қоршалды. Бір жағында ауыр бетон блоктар тұрғызылса, өзге бетінде темір бөгеттер мен құм тиелген қаптар қойылған. Полицияның мәлімдеуінше, бұл қоршау кез келген жүк көлікті тоқтата алады.

24.kz хабарлауынша, қауіпсіздік шараларына үкімет 2 жарым миллион еуро жұмсаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз