Германияда 300-ге жуық балабақша жұмысын тоқтатты

0
136
Германия. Берлин

Берлинде тәрбиешілер мен бастауыш және орта мектептердің мұғалімдері қайта ереуілге шығуымен 300-ге жуық балабақша жұмысын тоқтатты. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

“Білімге үнемдеуге болмайды!” деген ұранмен, қызметкерлер қаланың орталық көшелерінде шерулетті. Олар жалақысын 6 пайызға көтеруді талап етіп отыр. Бұл шамамен – 200 еуро. Ереуілшілерді кітапханашылар, өрт сөндірушілер мен тәртіп сақшылары да қолдады. Полицейлердің 26% бұл күні жұмысқа шыққан жоқ. Наразылық шарасына 10 мыңға жуық адам қатысқан. Кәсіподақтар мен үкімет арасындағы келіссөздердің келесі кезеңі ақпан айының соңына белгіленген. Онда Германияның бір миллионнан аса мемлекеттік қызметкеріне жалақыны көтеру мәселесі қарастырылады.

Алайда, Берлин Сенатының өкілдері, тәрбиешілердің талабын қанағаттандыруға қаражат жетпейді деп отыр.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз