“Хашогги өліміне айыпты” бес адам өлім жазасына кесілді

0
98

23 желтоқсанда Сауд Арабиясының прокуратурсы журналист Жамал Хашоггидің өліміне айыпты деп танылған бес адамның өлім жазасына кесілгенін хабарлады.

Прокуратураның мәлімдеуінше, тағы үш адам түрме жазасына кесілген. Сот жабық өтіп, жауапқа тартылғандардың есімі жарияланбаған.

АҚШ-та тұрған журналист Хашогги 2018 жылы қазанда Стамбулдағы Сауд Арабиясы елшілігінде өлтірілген.

АҚШ Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) сарапшылары Хашоггиді өлтіруге тапсырманы тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман өзі ғана бере алады деген қорытындыға келген. Мұхаммед бин Салман Хашогги өліміне қатысы жоғын айтады.

АҚШ бұған дейін Сауд Арабиясының Хашоггиді өлтіру операциясына қатысты делінген 17 азаматына санкция салған.

БҰҰ Хашогги өлімінен кейін зерттеу жүргізіп, “журналист Сауд Арабиясының лауазымды тұлғалары ұйымдастарған аяусыз қастандық құрбаны болған” деп мәлімдеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз