Иерусалимді Израиль астанасы деп келесі қай ел таниды?

0
105
дереккөзден

АҚШ-тан өзге бірқатар мемлекеттер жақын арада Иерусалимді Израиль астанасы деп тануы мүмкін. Израиль СІМ осы мәселеге байланысты оннан астам үкіметпен келіссөздер жүргізіп жатқандарын хабарлады, деп жазады Euronews.

Израиль Сыртқы істер министрінің орынбасары Ципи Хотовели тізімде барлық құрлықтағы мемлекеттер бар екенін айтып, дәл қандай мемлекеттермен келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдемеген.

Өткен аптада БҰҰ Бас Ассамблеясы АҚШ-тың Израильдегі елшілігін Иерусалимге көшіру ниетін айыптаған қарар қабылдады. Қарарды қолдап 128 мемлекет дауыс берді, 9 – қарсылық танытса, 35 – қалыс қалды.

Бұған дейін ЕО-ның бірнеше мүше елдері, атап айтқанда, Чехия мен Венгрия өз елшіліктерін Иерусалимге көшіру мүмкіндігін жоққа шығармады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз