Иракта 12 жиһадшы өлім жазасына кесілді. 29 маусымда Ирак премьері Хейдар әл-Абади үкімет тарапынан шыққан шешім күшіне енгеннен кейін жиһадшылардың өлім жазасына кесілетіндігін мәлім етті.
Жазаға кесілгендердің ұлттары хабарланбады. Deutche Welle басылымы таратқан ақпарға сәйкес, содырлардың қолынан қаза тапқан бірнеше ирактықтардың қазасы үшін аталған жиһадшылар өлім жазасына кесілді.
27 маусымда Ирактың Киркук-Дияла аймағындағы жолдың бойынан Ирактың қарулы күштерінің 8 қызметкерінің мәйіті табылды. Бұған дейін Ирак ІІМ қаза тапқан 8 қызметкерді «ДАИШ»* лаңкестік ұйымы ұрлап кетті деп хабарлаған еді.
Өз кезегінде, «ДАИШ»* бұрын қолға түскен өз тараптастарын босатуды талап етіп, олай болған жағдайда, ирактық тұтқындарды босататындарын мәлімдеген бейнежазба таратты. Үкімет таратқан ақпарға сәйкес, жазба жарияланған сәтте қолға түскен 8 ирактық өлтірілген.
ГФР арнайы қызметі Сирия мен Иракта соғысуға жалпы есеппен 950-ге жуық содырдың аттанғандығын мәлімдейді. Содырлардың бестен бір бөлігін әйелдер құраса, шамамен бес пайызы – кәмелетке толмағандар.
ДАИШ* – 15 қазан 2015 жылы қабылданған сот шешімі бойынша, Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйымдар қатарына енді.
Сафина Саид