Ирандағы тасқыннан кем дегенде 45 адам қаза тапты

0
143
Гүлістан провинциясындағы тасқыннан тұрғындарды әскери машиналармен құтқарып жатыр. Иран, 25 наурыз 2019 жыл.

Иран билігі соңғы он жылдағы ең қалың нөсер деп атаған жаңбырдан соң жүрген сел елдегі 25 мыңнан аса үйді шайып кеткен.

Ресми дерек бойынша, 19 наурызда басталып, Иранның солтүстігінде, орталығы мен оңтүстігінде болған тасқыннан кем дегенде 45 адам адам қаза тапқан.

Синоптиктер алдағы екі күн бойы тағы нөсер жауады деп болжаған соң ондаған ауыл мен қаланың мыңдаған тұрғыны қауіпсіз жерлерге көшірілген.

Елдің батысындағы Керманшах провинциясының билігі өзендерге жақын тұратын 19 мыңға тарта адамды қауіпсіз жерге көшіруге бұйрық берді.

Билік “селден жапа шеккендердің шығыны өтеледі” деді.

Азаттық радиосының хабарлауынша, Ислам революциясы сақшыларының корпусы мен әскер азаматтарды құтқарып, қауіпсіз жерге көшіруге көмектесіп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз