Испания вирус жұққандар саны бойынша Италияны арта қалдырды

0
66

Испанияда кейінгі 24 сағат ішінде 809 адам Covid-19 дертінен қайтыс болды, тағы 7026 адамнан вирус табылды. Қазір бұл елде 11744 адам көз жұмды. 124736 адамға вирус жұққан. Испания осылайша вирус жұққандар саны бойынша Италияның (120 мыңға жуық) алдына шығып, АҚШ-тан (278 мыңнан аса) кейін тұр. Бұл деректерді Азаттық сайты жариялады.

Испания билігі кейінгі екі күнде дерттен көз жұмғандар саны азайғанын мәлімдеді. Үш күн қатарынан елде вирустан қайтыс болғандар саны 900-ден аз. Коронавирус жұқтырғандар саны да 3 сәуірмен (7472) салыстырғанда азайған.

Осы аптаның басында Испания денсаулық сақтау министрі Сальвадор Илли елде вирус тарауы шегіне жетті деп мәлімдеген. Испания үш аптадан бері карантинде. Ел билігі карантинді 26 сәуірге дейін созбақ.

АҚШ-тағы Джон Хопкинс университетінің дерегінше, казір әлемде 1 123 024 коронавирус жұқтырды. Covid-19 дертінен 59140 адам көз жұмды. 228 мың адам аурудан жазылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз