Израилдік дәрігерлер басы жұлынған баланы аман алып қалды

0
711
Доктор Охад Эйнав пен Зив Али 12 жасар Сүлейман Хасанмен түскен фотосы. Хасан сауығып кеткеннен кейін "Хадасса" медициналық орталығында. ("Хадасса" медициналық орталығының баспасөз хатшысы)

Маусым айында израилдік дәрігерлер керемет ота өткізген. 12 жасар Сүлейман Хасан көлік астына түсіп, басы омыртқасынан ажырап кеткен. Ал, хирургтер дер кезінде ота жасап, баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Foxnews сайтына сілтеме жасап.

1 айдам астам уақыт дәрігерлер жағдайды бақылауда ұстап, медиа өкілдеріне ешқандай жаңалық жасамаған. Жағдай қалыпқа келгеннен кейін, керемет отаның нәтижесімен бөлісті.

Хасанды велосипедпен келе жатқан кезінде көлік қағып кетеді. Оны дереу ауруханаға жеткізіп, травматология бөліміне жатқызған. Дәрігерлердің айтуынша оның басы «мойнынан шамамен толықтай ажырап кеткен».

Хасанға қойылған диагноз ресми түрде атланто-оксипитальды буынның екі жақты дислокациясы деп аталады. Онда, бас сүйегі омыртқаның жоғарғы омыртқаларынан бөлінген кезде ішкі декапитация (мед. басалу) болған.

Ота бірнеше сағатқа созылған. Қазіргі таңда ол отаның болғанына бір айдай уақыт болған. Дәрігерлер, Хасанды ауруханадан шығарып, қашықтан жағдайын бақылап отырады. Ол, ешкімнің көмегінсіз өзі тұрып жүре алады және ешқандай жүйке жүйесіне зақым келмеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз