Йемендегі шайқаста 150 адам қаза тапты

0
98
дереккөзден

Ходейда қаласы үшін болған Йемендегі үкімет әскері мен бүлікші-хуситтар арасындағы шайқас тұрғын жайларға ауысты.

Йемендегі порт қала Ходейдада үкімет әскері мен бүлікшілер арасындағы қақтығыс салдарынан ел азаматтарын қоса алғанда кем дегенде 149 адам қаза тапты, деп хабарлайды AFP жергілікті дәрігерлер мен полицейлердің ақпарына сілтеме келтіре отырып.

Дереккөз Ходейда қаласын бақылауға алу үшін тұтанған қақтығыс өрті жексенбіде Сауд Арабиясы билігі қолдау көрсететін үкімет әскері мен бүлікші -хуситтар арасында қатты өршіп, жергілікті тұрғын жайларға ауысқанын мәлімдейді.

Көмек көрсетіп жатқан топтар Ходейда қаласында тұратын 600 мың адамның өміріне алаңдаулы, сондай-ақ, Йеменге гуманитарлық көмек жеткізілетін портта жұмыс істейтін миллиондаған адамдардың өмірі де тәуекелге тігілген.

Бұған дейінгі айқын ақпарға сәйкес, Ходейданы 2014 жылдан бері Иран қолдау көрсетіп келе жатқан бүлікші-хуситтар бақылауға алған. Сауд Арабиясы мен БАӘ АҚШ-тан Ходейданы бүлікшілерден босату үшін көмек сұрады. Бірақ Вашингтон өтінімді қабыл алмады.

 

Safina Said

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз