Кабулда “Аль-Каида” басшысы өлтірілді

0
248
Айман аз-Завахири (оң жақта) және Усама бин Ладен 2001 жылы. photo: svoboda.org

АҚШ президенті Джо Байден “Аль-Каида” басшысы Айман аз-Завахиридің өлтірілгенін растады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Украина Сейчас телеграм арнасына сілтеме жасап.

АҚШ президентінің айтуынша, жексенбі күні таңертең жергілікті уақыт бойынша сағат 6:18-де терроризмге қарсы іс-қимыл кезінде Кабулдағы аз-Завахири штаб-пәтеріне әскери дрон көмегімен әуе соққысы жасалған.

Джо Байден террористің отбасы мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпегенін, бұдан бөлек бейбіт тұрғындар арасында да шығын болмағанын мәлімдеді. Соққы үшін Айман аз-Завахиридің штаб-пәтерінің қылтимасына (балкон) шыққан сәті таңдалған. Себебі ол онда әдетте көп уақыт өткізетіні хабарланды.

“Аль-Каиданың” жетекшісін ұстау немесе өлтіру ондаған жылдар бойы АҚШ-тың басты мақсаттарының бірі болған. Тіпті оның басы үшін 25 миллион доллар сыйақы белгіленген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз