КНДР жоғары технологиялық қару сынағын өткізді

0
113

Солтүстік Корея (КХДР) басшысы Ким Чен Ын республикада жаңа жоғары технологиялық тактикалық қару сынағының табысты аяқталғанын мәлімдеді. Солтүстік Кореяның орталық агенттігі техникалық қару сынағын ел президентінің қатаң бақылауымен 16 қараша таңертең өткізгенін хабарлады.

Әскери бағыттағы жаңа технологиялық қарудың пайда болуы және сынақтан сәтті өтуі КХДР әскерінің жауынгерлік күшін айтарлықтай арттырады деп көрсеткен агенттіктің мәлімдемесінде. Алайда техникалық қару турасында ешбір мәлімет жоқ.

Солтүстік Корея зымыран және ядролық қару сынақтарын тоқтатқаннан кейін Пхеньян Сеулмен және Америка Құрама Штаттарымен қарым-қатынасы бірте-бірте жақсара бастады. Сәуір айында өткен Корей аралық саммитті шет мемлекеттер жоғары бағалап жатты. Солтүстік Корея басшысының 65 жылда алғаш рет Оңтүстік Кореяға келуі расында да ерекше серпін берді. Сәуірде бастау алған саммиттен кейін Корей аралық қарым-қатынас тәуірленіп, қараша айында екі мемлекет шекара бекеттерінің бір бөлігін бөлшектеуге кірісті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз