Әлемдегі ең бай әйел белгілі болды

0
163
L'Oreal компаниясының негізін қалаушысының немересі Беттанкур-Майерс.

L’Oreal компаниясының негізін қалаушысының немересі Беттанкур-Майерс Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең бай әйел деп танылды.

Журналдың мәліметінше, оның байлығы 49 миллиард доллардан асып түседі. Беттанкур-Майерстің байлығы бір жылда 7,1 миллиард долларға дейін (17 пайызға) өскен. Бай адамдардың тізімінде ол 15-орынға тұрақтады.

Басылымның хабарлауынша, толық тізім бүгін, 5 наурызда жарияланады. Сондай-ақ, Беттанкур-Майерстің анасы Лилиан Бетанкурдың Forbes рейтінгіне 1987 жылы еніп, қатарынан 14 жыл бойы 2001 жылға дейін әлемнің ең бай әйелі атағын иеленгені айтылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз