Әлемдегі ең үлкен отбасы Үндістанда тұрады

0
621

Үндістанның Аиджал қаласында 181 адамнан құралған отбасы бір үйде тұрады. Зәулім үйде 73 жастағы Зиона есімді қария мен оның 39 әйелі, 94 баласы, 14 келіні мен 33 немересі өмір сүріп жатыр.

Үй үлкенінің айтуынша, отбасындағы әр адамның өз тірлігі бар. Әркім өз күнін өзі көреді. Біреуі мал шаруашылығымен айналысса, біреуі бағбан, ал балалары жиһаз жасап оны сатумен айналысады. Жұбайлары мен келіндері көбіне үй шаруасын атқарады.

“Күніне шамамен 60 келідей күріш жейміз. Керек-жарақтың бәрін өзіміз жасаймыз. Отынды да өзіміз дайындаймыз. Бір-бірімізбен өте татумыз”, – дейді отбасы мүшесі Сангжвали. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз