Әлемнің ең үздік әуе компаниясы белгілі болды

0
177

Әлемдегі ең үздік әуе компаниялар рейтингінде сингапурлық Singapore Airlines көш бастады. Бұл туралы рейтингті TripAdvisor агрегаторы қолданушылардың бағасы жасады.

Екінші орында катарлық Qatar Airways, ал үшінші орында EVA Air тайван әуе компаниясы тұр. Үздік бестікке сонымен қатар, Emirates пен жапондық Japan Airlines кірген.

Сондай-ақ, топ-10 тізіміне америкалық Southwest Airlines, бразилиялық Azul, жаңазеландиялық Air New Zealand, британдық Jet2.com лоукостер және All Nippon Airways (ANA) Жапон әуекомпаниясы кірген.

Бұған қоса жолаушылар Emirates әуе компаниясын бірінші классты ең үздік салон деп атаған, ал бизнес классты ең үздік салон деп Qatar Airways-ті атапты, Air New Zealand мен Singapore Airlines әуе компанияларын премиум-эконом және эконом класс деп белгілеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз