Әлемдік вакцина конгресінде Moderna екпесі үздік деп танылды

0
608

Америкалық Moderna компаниясы және АҚШ ұлттық денсаулық институты шығарған “Moderna” вакцинасы Дүниежүзілік вакциналар конгресінде (World Vaccine Congress Washington 2021) ең үздік вакцина атағын иеленді. Бұл туралы 1prime.ru сайты хабарлады.

Онлайн өткен жиын нәтижесі бойынша АҚШ-та және басқа да бірқатар елдерде лицензия алған Moderna екпесі AstraZeneca, Bharat Biotech, Janssen, Medicago, Novavax, Pfizer/BioNtech, Спутник V және жануарларға арналған Zoetis препараттарын озып үздік деп танылған.

Алайда аталған вакциналардың арасынан үздігін қандай сипатына қарап анықтағаны нақты емес. 

1 ақпанда Қазақстанда халыққа жаппай коронавирусқа қарсы вакцина салу басталды. Вакцинациялау Ресейлік “Sputnik V” препаратымен басталды. Одан кейін отандық “QazVac (QazCovid-in)” және “Sinopharm” вакциналарын егу басталды. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз