Лос-Анджелесте “Оскар” сыйлығының марапаттау рәсімі басталды

0
344
"Оскар" сыйлығы. Сурет: The Guardian

25 ақпан күні Лос-Анджелес қаласында (Калифорния, АҚШ) кино әлемінің “Оскар” сыйлығын табыстау рәсімі басталды. Dolby театрында өтіп жатқан салтанатты шараны ABC телеарнасы тікелей эфирден көрсетіп жатыр.

“Оскар” сыйлығын табыстау рәсімі. Сурет: The Guardian

Аталымдар бойынша грек режиссері Йоргос Лантимостың “Фаворит қыз” (The Favourite) және мексикалық Альфонсо Куаронның “Рома” (Roma) фильмі көш бастаған. Екі картина да жалпы 10 аталым бойынша “Оскарға” ұсынылған болатын. Брэдли Купердің “Жұлдыздың тууы” (A Star is Born) мелодрамасы және Адам Маккейдің “Билік” (Vice) фильмі – сегіз, Райан Куглердің “Қара пантері” (Black Panther) атты фантастикалық боевигі – жеті аталым бойынша “Оскар” алуға үміткер.

Америка кино өнері академиясы кино өнерпаздарын алғаш рет 1929 жылғы 16 мамырда Лос-Анджелестегі Hollywood Roosevelt қонақүйінде марапаттаған, сол шара небәрі 15 минутқа созылған болатын. Онда 1927-1928 жылдары шыққан фильмдердің арасынан 12 санат бойынша үздіктер таңдалды. Жеңімпаздардың барлығы марапаттау рәсімінен үш ай бұрын белгілі болды. 1941 жылдан бері жеңімпаздардың аттары тек марапаттау рәсімінде белгілі болады.

Лауреаттардың толық тізімін мына сілтемеден көре аласыз.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз