«Талибан» Өзбекстанның  67 вагон мұнайын кері қайтарып жіберді

0
851

Ауғанстанды басқарып отырған «Талибан» үкіметі Өзбекстаннан импортталған 67 цистерна мұнайды сапасыз болғандығы үшін кері қайтарып жіберді. Бұл туралы QALAMPIR.UZ хабарлады «Талибанның» ұлттық стандарттар агенттігі X платформасы парақшасына сілтеме жасап.

«Ұлттық стандарттар агенттігі бірінші рет сапа мәселесіне байланысты 67 мұнай цистернасын Өзбекстанға кері қайтарды», – делінген «Талибан» мәлімдемесінде.

Агенттік сонымен қатар сапасыз мұнай импортына қарсы шаралар қабылдағанын айтты.

Кейіннен осы «Талибан» қайтарып жіберген мұнай, Бұхара облысының Қаровулбазар ауданы мен Ферғана облысының Охунбобоев ауданынан жөнелтілгені белгілі болды. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз