Майкл Блумберг студенттердің білім алуына 1,8 млрд доллар қаржы бөлді

0
153
Майкл Блумберг

Бұрынғы Нью-Йорк мэрі әрі миллиардер Майкл Блумберг қайырымдылық мақсатта  АҚШ-тағы Джонс Хопкинс атындағы университетке 1,8 млрд доллар бөлді.

«Бұл қадам қаржылық жағдайы төмен дарынды жастардың жоғары оқу орнына қабылдануын көздейді»,- деп мәлім етті Блумбергтің өзі жексенбі күні The New York Times газетінде жарық көрген “Мен не себепті білім беруге 1,8 млрд доллар қаржы бөлдім?” атты мақаласында.

«Тек бірлі-жарымы болмаса, барлық колледжде талапкер құжатын ол түскен жағдайда оқу ақысын төлей ала ма, соған қарайды. Олар табысы жоғарыларға орын сақтау үшін  әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан талантты үміткерлерден ұдайы бас тартып отырады»,- деп түсіндірді 1964 жылы Джонс Хопкинс атындағы университетті (бакалавр)  тәмамдаған миллиардер.

Балтимордағы Джон Хопкинс университетінің кампусы

76 жастағы Майкл Блумберг 2002- 2013 жылдар аралығында Нью-Йорк мэрі лауазымында болды. Сондай-ақ ол осы аттас қаржылық жаңалықтар агенттігінің негізін қалаған. Еске сала кетсек, 2017 жылдың соңында Блумберг 50 млн долларын баламалы энергия көзіне ауысу бағдарламасын жүзеге асыруға бөлген.

Қазақпараттың хабарлауынша, Нью-Йорк экс-мэрі Америкадағы ең бай адамдардың бірі. 2018 жылғы қаңтарда Forbes журналы оның байлығын 50,8 млрд долларға бағалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз