Менеджер Трамп пен Дуданың суреті үшін жұмыстан қуылды

0
66
The White House

Belsat поляк телеарнасының әлеуметтік желі бойынша менеджері Иван Шило Польша президенті Анжей Дуда мен АҚШ президенті Дональд Трамптың суретін желіге жариялағаны үшін бір-ақ сәтте жұмысынан айырылды.

“Европейская правда” ақпарына сәйкес, Шило өзінің Facebook парақшасына екі мемлекет басшыларының Ақ үйдегі кездесуінен сурет жүктеп, “Сол жақта Польша президенті” деп жазған. Суретте АҚШ басшысы мен Польша басшысы екіжақты стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюда. Суреттегі түйіткіл – Трамптың үстел басында отырып қол қоюы, ал Дуда болса, Трамптың сол жағында сәл иіліңкіреп тұр. Бұл сурет жарияланғаннан кейін сынға ілініп, мазаққа айналған. Поляк президентін желі қолданушылары өзі мен елінің намысын түсірді деп айыптаған. Сондай-ақ, бұған дейін Ким Чен Ын мен Трамптың келісім жасасқандағы суреті де тілге тиек етілді. Онда қос мемлекет басшысы да үстел басында отырған еді.

дереккөзден

Сурет жария болғаннан кейінгі келісі күні телеарна тарапынан белгілі бір түсіндірусіз Шило өзінің жұмыстан қуылғанын бірақ білген.

Шило өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында “Жетекшілер бұл жайт үшін кешірім сұрауға міндетті емес, бірақ өздерінің қателігі үшін біреуді жұмыстан қуу орынсыз”, – деген пікір қалдырды.

Кейіннен телеарна басшысы менеджерді жұмыстан қуудың басты себебі қызметкердің президентке қатысты “әзілі” болды деп мәлімдеді. Басшының сөзінше Польшаның АҚШ-пен жасасқан қауіпсіздікке қатысты ынтымақтастық келісімінің мәні зор, сол себептен “”Белсат” қызметкерінің бұл тақырыпты әзілге айналдыруына негіз жоқ”. Телеарна басшысының анасы президенттің кеңесшісі екендігі де айтылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз