Нұрсұлтан Назарбаев қызы Дариғаға қандай бата берген?

0
221
Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев қызы Дариға Назарбаевамен.

Қазақстан сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Ресейге ресми сапарында Федералдық кеңес төрағасы Валентина Матвиенкомен әріптесімен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев өзіне қандай бата бергенін айтты.

“Ол жаңа қызметтегі сапарыммен Ресейге баратыным жақсы екенін айтты”, – деді  Дариға Назарбаева.

Сенат төрағасы Елбасы Федералдық кеңес төрағасына сәлем жолдағанын айтты.

“Ол: Сәлем айт, Валентина Ивановнаны 70-ші жылдардан бері танимын, ескі досым деді. Сондай-ақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізгім келеді “, – деді Назарбаева.

Кездесуде Дариға Назарбаева екі елдің азаматтарының сапары кезінде теңдіктің сақталмағанын айтқан. Оның сөзінше, Қазақстан мен Ресейге келетіндерге бірдей мүмкіндік берілуі керек.

“2014 жылдан бері қазақстандықтардың Ресейге, ал ресейліктердің Қазақстанға келуіне байланысты паритет жоқ. Яғни визалық режимге сәйкес, қазақстандықтар Ресейде 90 күн ғана бола алады. Кейін елден шығып, 90 күннен кейін ғана Ресейге келеді. Ал ресейліктер Қазақстанда 90 күн болады, кейін елден шығып, дәл сол күні қайта оралуына мүмкіндік бар”,  деді Назарбаева.

Қазір Ресей тарапы бұл мәселені қарастырып жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз