Назарбаев Университеті Ш.Катсудың отставкаға кететінін жариялады

0
140

Назарбаев Университеті 2023 жылдың 15 маусымынан бастап президент қызметін атқарған Шигео Катсудың отставкаға кететіні туралы хабарлады.

Ш.Катсу университеттің президент лауазымында 13 жылға жуық қызмет атқарды және өз лауазымынан кету туралы шешімді өзі қабылдаған. Дегенмен, Шигео Катсу Назарбаев Университетінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі болып қала береді.

«Президент Катсудың басшылығымын Назарбаев Университеті аймақтағы жетекші жоғары оқу орны ретінде белгілі нәтижелерге қол жеткізді. Биылғы күзде Назарбаев Университет тұңғыш рет Times Higher Education университеттердің әлемдік рейтингіне кіретін болады. Президент Катсудың кемелдікке және инновацияларға деген мызғымас берілгендігі меритократия және академиялық адалдық принциптеріне негізделген озық зерттеулер, академиялық өсу және халықаралық ынтымақтастық үшін жағдай жасауда маңызды рөл атқарды. Назарбаев Университетінің қауымдастығы Президент Катсуға оның үлкен үлесі мен тұрақты әсері үшін алғысын білдіреді», деп жазылған хабарламада.
Ал Назарбаев Университеті Шигео Катсудың орнына халықаралық деңгейдегі лайықты адам тапқанша, провост Илесанми Адесида университет президенті міндетін атқаратын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз