Үндістанда аспалы көпір кұлап, 130-дан астам адам қаза тапты

0
277
Photo: AFP

30 қазан күні кешке Үндістанның батысындағы Морви қаласында туристер жүретін аспалы көпір құлап, 132-ге жуық адам қаза тапты. 19 ғасырдың соңында Махчу өзенінің үстіне салынған аспалы көпір қайта жөнделіп, өткен аптада ашылған. Апат кезінде көпір үстінде 150-ден 400-ге дейін адам жүрген.

Қазіргі ақпараттарға қарағанда, көпір адамдардың салмағын көтере алмаған. ANI ақпарат агенттігігінің хабарлауынша, өлгендердің көбі балалар, әйелдер мен қарт адамдар. Құтқарушылар қаза тапқандар мұнан да көп болуы мүмкін деп есептейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз