Үндістанда бір қаланы жаппай су басты

0
121
Сурет: 24.kz

Үндістанда шелектеп құйған нөсерден Куллу қаласын түгел су басты. Табиғи апаттан 25 адам зардап шекті. Олар тасқында үйлерінен шыға алмай, апат аймағында қалып қойған. Топан суда қалған тұрғындарды құтқару үшін тікұшақтар жұмылдырылды. Қазір онда құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, әдетте Үндістанда маусым айынан бастап қыркүйектің аяғына дейін ауа райы жаңбырлы болады. Осы уақыт аралығында жыл сайын нөсер жауыннан жүздеген адам опат болып, халық көп зардап шегеді. 24.kz сайтының ақпаратына сәйкес табиғи апат ел экономикасына де едәуір шығын келтіреді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз