19 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 77 сессиясы шеңберінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің арағайындығымен Әзербайжан сыртқы істер министрі Жейхун Байрамов пен Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянның қатысуымен жағдайды тұрақтандыру мәселесі қаралды.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен. Photo: mfa.am
Армения сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян. Photo: mfa.am
Әзербайжан сыртқы істер министрі Жейхун Байрамов (ортада). Photo: mfa.am

18 қыркүйекте АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Ереванға барған сапарында “Арменияға шабуыл жасап отыр” деп Әзербайжанды айыптай сөйлеген.

Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Пелосидің сөзін “негізсіз және әділетсіз айыптау” деп бағалап, “жанжалды бейбіт жолмен шешуге зор кедергі болады” деп мәлімдеді. “Баку таяуда шекарада болған қақтығысты “Арменияның Әзербайжанға қарсы әскери арандату әрекетінен кейін басталды” деп есептейді дейді Reuters.

Нэнси Пелоси Армения тәуелсіздік алғалы бері елге алғаш келген АҚШ-тың ең жоғары лауазымды тұлғасы.

Қыркүйектің 13-іне қараған түні Армения мен Әзербайжан шекарасындағы жағдай күрт шиеленісіп, 200-ден астам адам өлген. Ереван 135 жауынгері, Баку 77 жауынгері өлді деп жариялаған.

2020 жылдың соңында Армения мен Әзербайжан арасындағы көп жылдық дау үлкен соғысқа ұласқан еді. 44 күн соғыстан кейін Әзербайжан өзіне тиесілі жерді қайтарып алған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз