ОБСЕ Түркиядағы сайлауды “теңсіз” деп атады

0
107
дереккөзден

Сайлау алды науқан кезінде Түркияның оппозициялық партиялары айрықша артықшылықтарға ие қазіргі президент және үкімет партиясымен тең деңгейде қарастырылмады. Бұл туралы ОБСЕ 26 маусымда хабарлады.

ОБСЕ халықаралық бақылаушылары жасаған мәлімдемеде 24 маусым Түркияда өткен кезектен тыс президент және парламент сайлауында қазіргі президент және оның партиясында айрықша артықшылықтар болғандығы, сондай-ақ мемлекетті және жекеменшік бұқаралық ақпарат құралдарын қолдануда да президент және оның партиясы айрықша мүмкіндікке ие болғандығы хабарланады.

«Еркіндіктің шектелуі сайлауға тікелей ықпал етті», – деген ОБСЕ сарапшылары Түркия бұл шектеулерді жақын болашақта алып тастайтындарына сенім білдірді.


24 маусым Түркияда өткен президент сайлауының қорытындысы бойынша президент Режеп Тайып Ердоған 52,5% дауыс жинап, жеңіс тұғырынан көрінді. Ердоғанның басты қарсыласы Мухаррем Инже 31,5% дауыс еншіледі.

Өз кезегінде оппозиция президенттік сайлауда орын алған құқық бұзушылықтарға шағымданды. Анкарада өткен баспасөз конференциясында оппозиция өкілі бақылаушылар тарапынан ұсынылған жүздеген сайлау бюлеттенінің қоқысқа тасталып жатқан бейнежазбасын көрсетті. Сонымен қоса, елдің кейбір сайлау учаскелерінде 24 маусым түнде Режеп Тайып Ердоған бастаған Әділет және даму партиясын қолдау мақсатында жымысқы әрекетпен жүздеген сайлау бюлеттенінің алмастырылғандығы туралы айтылды. Атап өтерлігі, Ердоған өзінің президенттік сайлауда жеңіске жеткенін Жоғарғы сайлау комиссиясының ресми мәлімдемелеріне дейін жариялады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз