2008 жылғы қаржы дағдарысы кезінде баспанасынан айырылып, АҚШ-ты аралауға мәжбүр болған америкалықтар жайлы түсірген “Көшпенділер жері” фильмінің режиссері Хлоя Чжао ең үздік режиссер номинациясы бойынша “Оскар” сыйлығын иеленді.
Хлоя Чжао – Америка киноакадемиясының сыйлығына ұсынылған Азиядан шыққан алғашқы режиссер және “Оскар” тарихында үздік режиссура бойынша сыйлықты жеңіп алған екінші әйел.
39 жастағы Хлоя Чжао түсірген фильмін “өмірде бір рет қана кездесетін ғажайып саяхат” деп атаған.
2019 жылы америкалық кинорежиссер Кэтрин Бигелоу Ирактағы әскери операция жайлы баяндайтын драмасы үшін (“The Hurt Locker”) “Оскар” алған алғашқы әйел атанған.
“Оскар” сыйлығының иегерлері:
- Үздік фильм — “Көшпенділер жері”
- “Үздік режиссер” — “Көшпенділер жері” фильмі үшін Хлоя Чжаоға берілді.
- Үздік актер — Энтони Хопкинс
- Үздік актриса — Фрэнсис Макдорманд
- Үздік саундтрек — Трент Резнор и Аттикус Росс
- Үздік анимациялық фильм — “Жан”
- Қосалқы рөлдегі үздік ер адам — Дэниэл Калуя
- Қосалқы рөлдегі үздік әйел — Юн Ё Чжон
- Шетел тіліндегі үздік фильм — “Тағы да біреуден”
- Үздік деректі фильм — “Менің ұстазым — сегізаяқ”
- Үздік монтаж — “Металл дыбысы”
- Үздік оператор — Эрик Мессершмидт
- Үздік эффектілер — “Довод”
- Үздік грим және шаш үлгісі — “Ма Рейни: блюз анасы”
- Үздік қысқаметражды фильм — “Екі алыс бейтаныс”
- Үздік қысқаметражды мультфильм — “Егер бірнәрсе болса, мен сені сүйемін”
- Үздік қысқаметражды деректі фильм — “Колетт”
Осы жылы коронавирусқа байланысты “Оскар” сыйлығын марапаттау рәсіміне шағын топ қана қатысты. Негізгі рәсім Лос-Анжелестегі “Юнион стейшн” темір жол вокзалы ғимаратында өтті.