Перудың экс-президенті өзін-өзі атып өлтірді

0
68
Перудың бұрынғы президенті Алан Гарсия/дереккөзден

Перудың бұрынғы президенті Алан Гарсия өзін-өзі өлтірмек болған әрекетінен кейін көз жұмды. Бұл туралы El Comercio хабарлайды. Гарсия мойнындағы жарақатымен емханаға жеткізілген. Экс-президент хирургиялық операция барысында көз жұмды.

Гарсия өзін полиция жемқорлық үшін тұтқындамақ болған сәтте атып жіберген. Саясаткер адвокатымен тілдескеннен кейін өзіне қол жұмсаған. Қайғылы жағдай экс-президенттің Лимадағы үйінде болған. Гарсия өзінің мойнына оқ атқан.

Басылым ақпарына сәйкес Перудың бұрынғы президентінің қол астындағыларын полиция тұтқындаған. Сот Луис Гарсияны он күнге тұтқындауға үкім шығарған. Ол Odebrecht компаниясынан пара алды деген күдікке ілінді.

Латын Америкасында аталған компания тиімді мемлекеттік сатып алуларға қол жеткізу үшін жоғары шенді шенеуніктерге, министрлер мен президенттерге пара беріп, жүз миллион доллардай қаражат жұмсаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз