Помпео Иранға сес көрсетті

0
40
Майкл Помпео/дереккөзден

Егер Тегеран өзінің саяси бағытын өзгертпейтін болса, АҚШ Иранға ең қатаң санкциялар салады. Мұндай мәлімдемені АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Вашингтонда Иранға қатысты Америка әкімшілігінің саясатына арналған «Мұра» үкіметтік емес қорында жасаған мәлімдемесі барысында айтты.

Помпеоның сөзінше, Тегеран өздерінің өнімсіз жолынан бас тартып, халықаралық қоғамдастықпен бірікпейтін болса, Тегеранға қарсы санкциялар күшейе бермек, аталған санкциялар толықтай енгізілетін болса, бұл тарихтағы ең қатаң санкциялар тізімін құрайды.

Помпео Трамптың Бірлескен іс-қимыл жоспары мәмілесін тәрк етуі АҚШ одақтастарына қаржылық және экономикалық қиындық тудыратынын мойындады, деп жазады Euronews. Сондай-ақ мемлекеттік хатшы Иранмен әлі де іс жүргізіп келе жатқан еуропалық компанияларды АҚШ жазалауға дайын екендігін айтып, сес көрсетті.

«Иран режиміне жасалып жатқан қысым мен біздің тарапымыздан салынған санкциялар  бірқатар әріптес-достарымызға қаржылық, экономикалық қиындықтар тудырып жатқандығын білеміз. Шындығында бұл жағдайлар Америка үшін де экономикалық мәселелер тудырады, бұл нарықтармен біздің кәсіпорындар сауда жасасуға құлықты болған еді»,

– дейді Помпео.

Өз кезегінде, Еуроодақ Иранға инвестиция салатын еуропалық компаниялардың қызығушылығын қорғауға ниетті. Аталған мәлімдеме Еуроодақ тарапынан жарияланды.


2015 жылы Иран мен АҚШ өзара келісімшартқа қол қойды, шарт бойынша Иран өздерінің атомдық зерттеулерін халықаралық қатаң бақылауға қоюға міндетті, есесіне, батыс елдері тарапынан Иранға салынған санкциялар алынып тасталады. Ираннан санкцияларды алып тастау 2016 жылдан бастап жүзеге асырыла бастады.

Д. Трамп АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама келісім жасасқан шартты қатаң айыптап, оны «ең нашар мәміле» деп атады.

9 мамырда Трамп АҚШ-тың Иранның ядролық мәмілесін тәрк ететінін мәлімдеді. BBC таратқан ақпарға сәйкес, Трамп АҚШ қаржы министрлігіне жақын арада Тегеранға қатысты санкцияларды қалпына келтіру туралы тапсырма міндеттеген. 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз