Путин Ресейге қарсы санкциялардың мәнін ашты

0
76
/РИА Новости

Америка санкциясы тек Ресейдің дамуын тоқтату ниетімен байланысты. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин NBC телеарнасына берген сұхбат барысында мәлімдеді.

«Тыңдаңыз, санкциялар АҚШ-та өткен сайлауға Ресей тарапының мифтік аралсуымен мүлдем байланысты емес. Санкциялар мүлдем басқамен – Ресейдің дамуын тоқтату ниетімен, Ресейді ұстап тұру мақсатымен байланысты»,

– дейді В. Путин.

Ресей президенті сонымен қатар тежеу саясатының циклдік мәні бар екенін және аталған саясат ондаған жылдар бойы жүргізіліп келе жатқанын алға тартты, деп жазады РИА Новости. В. Путиннің айтуынша, бұл тек екі елдің қарым-қатынасына ғана емес, сонымен қатар америкалық бизнеске де зиянын тигізеді, себебі ол нарықта ресейлік бәсекелестеріне орын босатады.

«Біз сізбен Санкт-Петербургтегі экономикалық форумда болдық. Іскерліктің ең үлкен делегациясы АҚШ-тан келген. Адамдар бізбен бірге жұмыс істегісі келеді, бірақ Ресейді ұстап тұру үшін оларға мүмкіндік бермейді, оларды ұстап тұр»,

– дейді В. Путин.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз