Қазақстан Ресейдегі президент сайлауына 223 бақылаушы жібереді

0
106
/дереккөзден

Қазақстан Ресей президентін сайлау науқанына 223 бақылаушы жібереді. Бұл туралы Ресейдегі Қазақстан елшілігі Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Василий Лихачевқа сілтеме жасай отырып хабарлады.

Лихачевтың сөзінше, сайлау әр түрлі халықаралық миссиялар бақылауында өтеді. Қазақстаннан 223 бақылаушы келетінін мәлімдеген Лихачев бақылау құрамы бойынша Қазақстан айқын көшбасшы екенін айтты. Бұдан өзге Беларусиядан 116, Германиядан 94, Франциядан 84, Қырғызстаннан 65, АҚШ-тан 56, Польшадан 52, Армениядан 39, Италиядан 33, Болгариядан 26 бақылаушы келеді, деп мәлімдейді Лихачев.

Ресей Федерациясында президент сайлауы осы жылдың 18 наурызында өтеді.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз