Ресейде Facebook пен Twitter-дің үстінен іс қозғалды

0
161
Сурет: Reuters

Роскомнадзор (Ресейдің байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникацияны бақылау жөніндегі федералдық қызметі – ред.) Facebook пен Twitter-ге қарсы әкімшілік іс қозғады. Аталған әлеуметтік желілер ресейліктердің жеке мәліметтерін қалай сақтайтыны туралы ақпарат бермеген.

Мекеме өкілінің айтуынша, америкалық компаниялар олардың сауалдарына “жалпылама жауап” берген. Жауап хатта Ресей заңдарын қазір қалай орындап жатқаны, болашақта қашан және қалай орындайтыны туралы мәлімет берілмеген.

Роскомнадзордың баспасөз қызметі “Медуза” басылымына Facebook пен Twitter-дің үстінен ақпарат бермеу туралы бап бойынша іс қозғалғанын растады. Бұл туралы Азаттық радиосының хабарлауынша, бұған дейін мекеме жеке мәліметтерді сақтау туралы мемлекеттік органдарға ақпарат бермегендерге бес мың рубльге дейін айыппұл салынатынын ескерткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз