Ресейлік блогер Аяз Шабудтинов «курс» сатып түрмеге жабылды

0
29
Фото: пресс-служба столичных судов общей юрисдикции

Ресей соты, блогер Аяз Шабутдиновты ұйымдасқан топтың құрамында аса ірі алаяқтық жасады деген айыппен қамауға алды.

32 жастағы блогер, 2022 және 2023 жылы туған екі сәбиі бар екенін атап өтіп, оны қамауға алмауды өтінген. Алайда сот шешімі бойынша, ол 16 желтоқсанға дейін тергеу изоляторында қамауда болады.

Прокуратураның мәліметінше, айыпталушы және оның серіктестері халыққа курстар, тренингтер мен вебинарлар сатумен айналысқан. Мұның салдарынан сатып алушыларда табысты бизнес құруға және үлкен мөлшерде табыс табуға жалған үміт туған. Қазіргі таңда блогердің үстінен 70 арыз түскен, тағы 150-ден астам арыз сотқа дейінгі кезеңде қаралуда.

Шабутдинов, 3 қарашада Мәскеуде ұсталған. Мәскеулік прокуратура Шабутдиновке Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 159-бабының 4-бөлігінде көзделген, сегіз қылмыс жасады деген айып таққан. Осылайша, бизнес-жаттықтырушы, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Блогер өз кінәсін мойындамаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз