Рождество Иракта тойланады

0
126
дереккөзден

Ирак билігі Рождествоны бүкіл республика аумағында ресми мереке деп жариялады.

“Үкімет Рождествоны Ирактағы ресми мереке деп жариялайды. Барлық елдегі христиан азаматтарға, ирактықтарға және әлем бойынша мерекені тойлайтындарға Рождество құтты болсын!”,  – деп хабарлайды Ирак үкіметі өзінін Twitter парақшасында деп жазады ресми ТАСС.

Бұған дейін Al Arabya телеарнасы желтоқсанның басында Халдей патриархы Луис Рафаэль ирак заң органдарына Рождествоны ресми түрде демалыс күні ретінде қабылдауды сұраған еді.
Ресми статистикалық көрсеткішке сәйкес, қазіргі уақытта республика аумағында шамамен 300 мың христиан өмір сүреді. 2003 жылы Америка Құрама Штаттарының әскери операциясы басталғанға дейін Иракта шамамен 1,5 миллион христиан болған. 38 миллион тұрғыны бар Иракта тұрғындардың шамамен 95 % исламды ұстанады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз